> For the complete documentation index, see [llms.txt](https://halyk-market.gitbook.io/anyqtama/llms.txt). Markdown versions of documentation pages are available by appending `.md` to page URLs; this page is available as [Markdown](https://halyk-market.gitbook.io/anyqtama/anyqtama-kz/zh-mysty-bastar-aldynda/anyqtama.md).

# Маркетплейс туралы

**Қош келдіңіздер, серіктестер!**

[**Halyk Market** ](https://halykmarket.kz/)— сатушылар әртүрлі санаттағы тауарларын орналастырып, бірыңғай қосымша мен сайт арқылы бүкіл ел бойынша сататын онлайн-маркетплейс. Біз түсінікті экожүйе құрамыз: каталогты оңай жүктеуден бастап логистика, аналитика және қолдауға дейін — сіз күнделікті қайталанатын жұмыстарға аз уақыт жұмсап, көбірек табыс табуыңыз үшін.

{% hint style="success" icon="info" %}
**Назар аударыңыз!**\
\
Halyk Market Anyqtama платформасында орналастырылған ақпарат тек ақпараттық-анықтамалық сипатқа ие және платформада жұмыс істеу бойынша ұсынымдармен танысуға арналған. Бұл материалдар нормативтік немесе шарттық құжат болып табылмайды, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілемейді, өзгертпейді және тоқтатпайды. Halyk Market Anyqtama платформасында орналастырылған ақпарат пен Деректерді өңдеу және беру бойынша ақпараттық-техникалық қызметтер көрсету (Halyk Market сауда алаңында тауарларды, қызметтерді электронды түрде орналастыратын серіктестерге) бойынша қосылу шарты және Төлемдер бойынша деректер өңдеу және беру бойынша ақпараттықтехникалық қызметтер көрсету туралы қосылу шарты талаптары немесе Halyk Market-тің өзге де міндетті құжаттары арасында қайшылықтар туындаған жағдайда, тиісті шарттардың және ресми құжаттардың ережелері қолданылады.
{% endhint %}

### **Halyk Market қалай жұмыс істейді**

#### &#x31;**. Тауарларды орналастыру**

Сатушы жеке кабинетінде тауар карточкаларын жасайды немесе бұрыннан бар карточкаларға байланыстырады. Тауарлар жүйеде виртуалды қоймаларда орналастырылған ретінде есепке алынады, алайда іс жүзінде сатушының өзінде сақталады.

#### 2. Тапсырысты қабылдау және өңдеу

Сатып алушы платформада тапсырыс рәсімдейді. Сатушы хабарлама алып, тапсырысты растайды және тауарды жөнелтуге дайындайды.

#### 3. Тауарды жеткізу және алу

Жеткізу таңдалған жұмыс схемасына байланысты Halyk Market логистикасы арқылы немесе сатушының курьерлері арқылы жүзеге асырылады. Сатып алушы мекенжайға дейін жеткізуді, тапсырысты беру пунктін, постаматты немесе өздігінен алып кетуді таңдай алады.

#### 4. Төлем және қаражатты аудару

Сатып алушы тапсырысты онлайн төлейді. Қаражат сатушыға сатылымнан кейін 3 жұмыс күні ішінде, көбіне — келесі жұмыс күні аударылады.

### Біздің тәсіліміз

Біз интерфейстер мен үдерістерді мүмкіндігінше қарапайым әрі алдын ала түсінікті етуге ұмтыламыз. Түсінікті тарифтер, ашық мәртебелер, тауарлар мен контентке қойылатын нақты талаптар — мұның бәрі қателер санын азайтып, модерацияны жылдамдатады және карточкалардың конверсиясын жақсартады.

### Қосымша және кері байланыс

Сатып алушыларға арналған қосымшаны [Google Play](https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.kkb.homebank) және [App Store](https://apps.apple.com/kz/app/halyk-kazakhstan/id440635615) дүкендерінен жүктеп алуға болады.&#x20;

Егер қате немесе сәйкессіздік байқасаңыз немесе жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз болса — жеке кабинеттегі қолдау қызметіне («Көмек» бөлімі) немесе [Telegram-бот](https://t.me/helppartnerhalykmarket_bot) арқылы жазыңыз. Біз қызметтер мен құжаттаманы тұрақты түрде жаңартып отырамыз, ал серіктестердің кері байланысы бізге жылдамырақ дамуға көмектеседі.
